1 қыркүйек - Білім күні қазақстандық жұлдыздардың балалары да жаңа оқу жылына аяқ басты. Олардың көбі алғашқы рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Соның ішінде Мейрамбек Бесбаевтың қызы Кәусар да бар.
Халықаралық би байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы Софи Манасьян да бірінші сыныпқа қадам басты. Софидің анасы: "Софи бұл күнді көптен күткені сонша, тіпті өңім бе, түсім бе деп көзіне жас алды" - деп жазады.
Теле-, радиожүргізуші Қалдыбек Жайсаңбай ұлының мектепке аса құлшыныссыз барғанын жазады. Есесіне кішкентай қызы оқуға дайын, тіпті галстук те тағып алған.
Тележүргізуші Динара Сатжан ұлының көзді ашып-жұмғанша 3-сыныпқа да қадам басқанын жазды.
Тележүргізуші Мадина Балғабаеваның ұлы - жоғарғы сынып оқушысы.
Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның балалары Иманәлі тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттады.
Ерлан Көкеев те екі қызына жаңа оқу жылында табыс тілеп, алғашқы қоңырауларына қатысып қайтты.
Продюсер Алтынбек Рахметовтың үлкен ұлы 11-сыныпқа қадам басса, екінші қызы 2-сыныпқа өтті. Ал продюсердің ең үлкен қызы университет студенті атанған екен.
Тамара Асар ұлы Қамбарға жаңа оқу жылында қанатының талмауын тіледі.
Қалқаман Сариннің екі оқушы қызы Аянат пен Інжу.
ОҚО Ішкі саясат басқармасының бастығы Берік Уәлидің ұлы Ибраһим де бірінші сыныпқа қадам басты.
Қызының мектепке сүйреп бара жатқан суретін салған Мейрамбек Бесбаев креативтілік танытты. Кәусар Мейрамбекқызы 1-сынып табалдырығын аттады.
Кәусар барлық оқушыларды білімге шақырып, алғашқы қоңырауды да соққан ұқсайды.
Редакциямыздың атынан жаңа оқу жылында барлық оқушыларға сәттілік тілейміз! Күнделіктеріңіз 5-ке толсын! ҰБТ тапсыратындарға сәтті жыл болсын!
Автор: Анар Мұстафина
Оқи отырыңыз:
Жұлдыздар қайда оқып жүр?
Сурет: Instagram.com