- Негізгі бет
- Қазақстан
- Жаңа жылда қанша...
Жаңа жылда қанша күн демаламыз?
Премьер-министр Серік Ахметов Үкіметтің демалыс күнін 2012 жылғы 29 желтоқсан сенбіден 31 желтоқсан дүйсенбіге ауыстыру туралы Қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Премьердің баспасөз қызметі. «Еңбек ететін халықтың демалысына қолайлы жағдай жасау және 2012 жылғы желтоқсандағы жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов демалыс күнін 2012 жылғы 29 желтоқсан сенбіден 31 желтоқсан дүйсенбіге ауыстыру туралы Үкімет Қаулысына қол қойды», - делінген хабарламада. Ал Қазақстан Республикасының Конституциясында осыған сәйкес «Қазақстан Республикасында мереке күндері жұмыс емес күндер болып табылады. Демалыс және мереке күндері сәйкес келгенде, мереке күнінен кейінгі келесі күн де демалыс болып саналады», – делінген. Демек бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс жасайтын қазақстандықтар алда келе жатқан мерекеге орай 4 күн: 2012 жылдың 30, 31 желтоқсанында, 2013 жылдың 1, 2 қаңтарында демалатын болады. Дайындаған: Ақерке Әбілхан Сурет: myfoto.k |