2009 жылдан бастап Қорқыт ата атындағы ҚМУ базасында «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік зертханасы құрылды. Аталған зертхананың негізгі мақсаты – ғылым мен білімді және өнеркәсіпті дамыту, сондай-ақ, университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыру.
Зертхана құрамында 8 зерттеу секторы, «Мұнай-газ саласындағы процестерді автоматты бақылау» зертханасы және түрлі курс жұмыс жасайды. Зертхана заманауи талаптарға сай жабдықталған. Атап айтар болсақ, 200 млн Джеол, Аджелент, Вариан секілді өндіруші фирмалардың аналитикалық қондырғылары алынды.
Зерттеу орталығы университеттің оқытушы-профессорлар құрамының жетекші және жас ғалымдарынан құралаған. Қазіргі таңда бұл мекемеде 19 қызметкер жұмыс жасайды. Барлығы дерлік «Болашақ», «Джеол» сынды халықаралық бағдарламалар негізінде білім алған. Осы күнге дейін қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында 25 шетел маманы шақырылған.
Зертхана инженері Индира Дәулетқызының айтуынша, олар мәскеулік компаниялармен бірлесіп жұмыс жүргізуде. Бүгінде олар 2 үлкен жоба аясында жұмыс жасауда. Арал теңізінің экологиялық мәселелерін шешу мен сазды жыныстарды өңдеу – жобаның басты тақырыбына айналған. Зертхана алдағы уақытта зерттеу жұмысы конкурстарына қатысуды жоспарлауда.
Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті,
Базарбай Сабира,
Ғаниқызы Жанар,
Қасымбекова Назира