Білім алу ешқашан кеш емес

Білім алу ешқашан кеш емес
Фото: express-k.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 2018 жылдың 6 сәуірінде «Білім алу жүйесі. АҚШ және Қазақстанның білім алу жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбы аясында «Флагман» бағдарламасымен орыс тілін үйреніп жүрген америкалық студенттер мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техника, биология және биотехнология, филология және әлем тілдері, жоғары экономика және бизнес мектебі факультеттерінің студенттері қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында білім алу кімге және не үшін керек, адам үшін білім алу жеткілікті бола ма, мемлекет білім алуды қолжетімді болуын қамтамасыз етуі керек пе және Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында шет елден келіп тәжірбие алмасатын, білім алатын студенттердің біздің жергілікті студенттерге не береді – осы сынды маңызды сұрақтар көтеріліп, қызу талқыға салынды.

Қара шаңырақ студенттері Америка студенттерінің білім алудағы қиындықтарын естіп, еліміздің білім алу бағдарламасында әрбір «білім нәрімен сусындап, еліме болашақта адал қызмет қыламын» деушілерге зор мүмкінтер жасап отырғанын тағы жіті түсініп, бағалай білді.  Қос тараптың студенттері өте қызу түрде екі мемлекеттегі жоғарғы оқу орнындағы студенттер мен оқытушының қарама-қатынасын талқылап, біраз қызықты оқиғалары мен пікірлерін ортаға салды.

Пікірталастың соңында әр қатысушы бір сөйлеммен «Мен және білім алу жүйесі» тақырыбына қорытынды пікір келтірді.

Студенттер бір сағат көлемінде өткен талқылама барысында тек жаңа мағлұматтар мен қызықты пікірлерді біліп қана қойған жоқ, олара дос та бола білді. Аталмыш іс-шараны ұймдастырған орыс филологиясы және әлем тілдері факультетінің профессоры Екшембеева Людмира Владимировнаға студенттердің және ұстаздардың алғысы шексіз болды, аталмыш іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса нұр үстіне нұр болары анық.

Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық Университетінің
ассистент оқытушысы
Ж.Ө.Тәттімбетова

Г. Берік