- Негізгі бет
- Қазақстан
- Билингвизм және ұлтаралық...
Билингвизм және ұлтаралық қарым-қатынастағы мәселе
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық деңгейге шығару әрі таныту мақсатында университет өз магистранттарын қос диплом иегері етуге арналған бағдарламаны жүзеге асыруда. Аталған бағдарлама аясында орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы 2016 жылы желтоқсан айының 19-30 аралығында билингвизм саласының танымал маманы және РХДУ-нің ф.ғ.д., профессоры Бақтыгереева Ұлданай Масұтқызы дәрісін өткізді.
Билингвизм саласының жарқын үлгісі – Ұлданай Мақсұтқызы Мәскеуде тұратын қазақ, «Көркем билингвизим және екі тілді жазушы еңбегіндегі көркем мәтін ерекшелігі» атты ғылыми еңбектің авторы. Ресей профессорының жалпы дәрістері мәдени өлшемдер мен жаһанданудағы альтернативті теориялардың маңыздылығы мен жетістігі турасында болғандықтан, тыңдармандардың қазіргі қазақ қоғамындағы трансмәдениеттің полимәдениетке өтуі турасындағы мәселе бойынша зор қызығушылығын тудырды. Полимәдениеттің жалпы тәжірибесі ұлттың жеке даралық даму мәселесіне негізделеді. Бақтыгереева Ұлданай Масұтқызының көптеген дәрістері қазіргі филологияның мәселер турасында көптеген талқы мен пікірталасқа түскен. Себебі профессордың көтерген мәселесі қазіргі таңда өте өзекті. Дәрістің үлкен таласқа түскеніне қарамастан оқытушылардың өзара түсіністігімен жалғасып, кафедраның жас ғалымдары мен оқытушылары ғылым әлеміне енумен қатар, екі тілділік пен көптілділіктің жүйелену мәселесі турасында оның ішінде қазақ және өзге тілдердің жүйесі турасында кәсіби кеңес алды. Дәріс қорытындысы бойынша барша дәріс тыңдаушыларына сертификат табысталды.
Орыс филологиясы және әлем әдебиеті
кафедрасының оқытушылары
ф.ғ.д., доцент Сарсекеева Н.К., Мейрамгалиева Р.М.
Г. Берік