2013 жылдың 25 қарашасында Massaget.kz Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде журналистика және саясаттану факультетінің студенттерімен кездеседі.
Кездесу "Интернет: қазіргі қазақ журналистикасының жаңа мүмкіндіктері. Әдістер мен құралдар" атты тақырыпта өтеді.
Кездесуді ұйымдастырушы – журналистика және саясаттану факультетінің оқытушысы Бэлла Орынбетова.
Порталымыздың жоғары оқу орны студенттерімен кездесуі дәстүрге айналған. Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде қонақта болған едік.
Сурет: yvision.kz