- Негізгі бет
- Айтұмар
- Сүйімбике деген кім?...
Сүйімбике деген кім?
Ертеде батыр бабаларымызбен қатар, жаужүрек аналарымыз да көп болған. Әйел теңдігі орнамай тұрған кезде-ақ, парасаттылығымен, кемеңгерлігімен көзге түсіп, ел билеу ісіне араласқан. Солардың бірі Сүйімбике ханым. Қазақ қыздары арасында Сүйімбике деген есім жиі кездессе де, бұл кімнің құрметіне қойылғанын білетіндер аз.
Сүйімбике 1516-1554 жылдары аралығында өмір сүрген, қазақ хандығының билеушісі (1549-1551). 1549-1554 жылдары Үлкен Ноғай ордасының билеушісі болған Едіге әулетінің ұрпағы Жүсіптің қызы. Әкесі Сүйімбикені 1533 жылдары Қазан ханы Жанәліге ұзатқан. 1535 жылы Жанәлі хан Қазан ақсүйектерінің ұйымдастыруымен тақтан тайдырылып, айдауға жіберілгеннен кейін таққа отырған Сафа-Гирей ханға тұрмысқа шыққан. 1549 жылы Сафа-Гирей хан қайтыс болғаннан кейін Қазан хандығының билеушісі Сүйімбике болды. Қазан ақсүйектері оған Сафа-Гирейден туған баласы Өтеміс-Гирей ержеткенге дейін билік етуіне көмек көрсетуге уәде береді. Сүйімбике Иван Грозныйдың Қазанға жасаған жорығына тойтарыс беруді ұйымдастырды. Кейіннен Қазан қаласын жаулап алған Иван Грозныйдың бұйрығымен Сүйімбикені баласы Өтеміс-Греймен бірге Мәскеуге алдырып, 1553 жылы Қасым хандығының билеушісі Шах Әлидің қарамағына жіберді.
@. @assel_assanova