Күнімжан – бар ғұмырын елінің тәуелсіздігі үшін күресте сарп еткен Кенесары Қасымұлының әйелі. Күнімжан азаттық күрестегі барлық оқиғалардың куәсі болып қана қоймай, патша үкіметінің отаршылдық озбырлығы мен ел басына түскен ауыртпашылықтың бәрін Кенесары ханмен бірге көтере білген.
Күнімжан ханымның орыс тұтқынына түсуі және одан босауына байланысты оқиғалар архив құжаттарында көптеп ұшырасады екен.
1844 жылдың ақпанында патша әкімшілігінің жазалаушы отрядтары Кенесарыны жақтаған бірнеше ауылға, соның ішінде ханның жақын туыстары мен әйелдері тұратын ауылдарға тұтқиылдардан шабуылдар жасап, сол кезде Күнімжанды тұтқынғ а түсірген екен. Осы сәтте үкіметтің сүйікті әйелі үшін Кенесары күресті тоқтатар деген үмті де зор болыпты. Алайда Күнімжан өлім мен өмірдің арасында жүрсе де күрестің тоқтағанын қаламай, ханға өзінің сенімді адамдары арқылы ниетін жеткізіп отырған. Адал жарының ісіне риза болған Кенесары патша үкіметіне деген қарсылық күресін жалғастыра түседі.
Тарихи деректер бойынша, Орскіде генерал-губернатордың өз атынан тұтқындағы Күнімжанға кәмшат ішік тіктірген екен. Жалпы, Күнімжанның дүние-мүлікке қызықпайтын аса ақылды әйел екендігін Герн сапары барысы жайлы рапортында айрықша атап көрсетіпті.
Үкіметті Күнімжанды көздің қарашығындай күзетуі, оны еліне қайтарсақ, Кенесары жуасуға тиіс деп дәмеленгені де архив құжаттарының сарынынан анық сезіледі дейді зерттеушілер. Жалпы, Күнімжан ханым тек 1845 жылдың мамырында ғана ттқыннан босатылыпты.
Сонымен, ақылды да әрі ел арасында сүйкімді істерімен аңызға айналған Күнімжан ханым қазақтың дара қыздарының бірі ретінде тарихта өз ізін қалдырған екен.