- Негізгі бет
- Айтұмар
- Батырды туған Есенбике...
Батырды туған Есенбике
Есенбике (XVIII ғ.) – Қаратай батырдың қызы, Олжабай батырдың шешесі. Есенбике кішкентайынан Айдабол бидің бәйбішесінен туған кенже ұлы Кенжеқозыға атастырылған. Алайда Кенжеқозы жастай өліп, Есебике Айдабол бидің бәйбішеден туған екінші ұлы Малқозының баласы Толыбайға (басқа құжаттарда Төлебай) ұзатылады.
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің дерегі бойынша, Толыбай кедей адам болған. Ал Әлкей Марғұланның жазуынша, Толыбай 1723 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде оққа ұшып, Есенбике баласы Олжабайды Қаратай батырдың тәрбиесіне беріпті. Аңыз бойынша, Олжабай батыр ең алғаш рет сол нағашы атасы Қаратай батырдың туын ұстап, ұрысқа кіреді. Ел аузында есімінің сқталуына қарағанда, Есенбике Олжабайдың батыр қалыптасуына көп әсерін тигізген.
«Қазақ халқының тарихи тұлғалары»
Г. Берік