Арысы Сақ ханшасы Томиристен бастап берісі Әлия, Мәншүктермен жалғасын табатын қазақ қыздарының ерлігі мен батырлығы жайында қалған деректер мен ақпараттар көп. Себебі олардың жасаған ерліктері ерен және ешқашан ұмытылмайды.
Жаугершілік заманда қолына садақ пен шоқпар алып, жауға шапқан қазақ қыздарының ат үстіндегі бейнесі, образы қазақ және шетел жазушыларының шығармаларында кездеседі. Ал 550 жылдық тарихы бар қазақ хандығынан бері қазақтың батыр қыздары қалай өзгергенін мына видеодан көре аласыздар.