- Негізгі бет
- Қайрат Нұртас
- Байқау жеңімпаздары белгілі...
Байқау жеңімпаздары белгілі болды
Құрметті "Массагет.кз" порталының қолданушылары осыдан екі апта бұрын сайт әкімшілігі мен "Меломан" дүкендер желісінің бірлесіп байқау жариялаған болатын. Осыған байланысты байқауға қолданушыларымыздан отыздан аса жауап келіп түсті. Оның ішінде тек 6 қолданушы ғана барлық сұрақтарға дұрыс жауап берді. Көбісі 4-сұраққа, яғни сайт атынан жасырылған жұмбаққа дұрыс жауап бере алмаған. Енді байқауды қорытындылап, жеңімпаздарының есімдерін назарларыңызға ұсынғалы отырмыз. Олар:
1. Абай Отар
2. Меруерт Сағындықова
3. Айдана Исмагилаева
4. Мадина Керимкулова
5. Әсел Баймағамбетова
6. Ерлан Әбжаппаров
Сонымен, көпшілікті мазалаған сұрақтар мен жұмбақтың жауаптары:
1. "Өкініш" фильмінде Қ.Нұртастың сүйіктісінің рөлін сомдаған бойжеткен кім?. Ол бойжеткен – Жания Джуринская. (06.12.1990) Байқоңыр қаласының тумасы. Қазіргі таңда актерлік салада жұмыс істеп жүр. Shine продюсерлік орталығында қызмет еткен. Әншілік өнері де бар. "Өкініш", "Болашақ", "Вузеры" фильмдеріне түскен.
2. Қ.Нұртас "Өкініш" фильмінде мүгедек баламен қай қалада кездеседі? Ақтау қаласында, теңіз жағалауында кездеседі.
3. Қазақстанның жеті кереметін атаңыз. 1. Таңбалы тас суреттері 2. Алтын адам 3. Қазақтың киіз үйі 4. Домбыра 5. Иассауи кесенесі 6. Маңғыстау жерасты мешіті 7. Астана - Бәйтерек
4. Балық бағатын адам кім? Француз
І | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
ІІ | Дания | Англия | Германия | Франция | Швеция |
ІІІ | су | шай | сүт | кофе | сыра |
ІV | Dunhill | Marlboro | Pall Mall | Prince | Blue Master |
V | мысық | ат | құс | балық | ит |
Бұдан бұрын байқау шартында айтқанымыздай, алғаш болып дұрыс жауап берген бес адамға әнші Қайрат Нұртастың "Шыда жүрек" атты жеке альбомын және постерін сыйға тартпақпыз.
Байқауға белсене қатысқан қолданушыларымызға "Массагет.кз" порталы және "Меломан" дүкендер желісі атынан үлкен алғысымызды айта отырып, жеңімпаз атанғандарды ұтыстарымен құттықтаймыз.
Ұтыстарыңызды Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1А мекенжайына жолығып ала аласыздар немесе 8(727) 3888119, 8(727) 3888120, 87715072989 нөмірлеріне хабарлассаңыз болады.
Б. Қосмағамбет