Белгілі әзіл-сықақшы, Шаншар театрының негізін қалаушы Уәлибек Әбдірайымов АЙНА жобасының кезекті шығарылымының қонағы болды. Алғашында филолог мамандығы бойынша қара шаңырақ ҚазҰУ-ға оқуға түскен болашақ әртіс сахнаға шығуды армандап та көрмепті. Тағдырдың айдауымен әзіл шеберіне айналған сатирик сұхбатта жар таңдау, бала тәрбиесі сынды маңызды мәселелерге қатысты өз пікірін білдірді. Сондай-ақ, халықтың осы жанрды бағалауда талғамсыздық танытанын да атап өтті. Оның өзге де сұрақтарға берген жауабын төмендегі видео материалдан көре аласыздар.