- Негізгі бет
- АЙНА
- Марат Омаров: «Аналардың...
Марат Омаров: «Аналардың қазақ даласындай кеңдігін жырлап өтсем»
«АЙНА» жобасының бүгінгі қонағы – Бүкіләлемдік композиторлар одағының мүшесі, БҰҰ-ның «Достық» орденінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, композитор, әнші, продюсер Марат Омаров.
Бірнеше буынды біріктіретін нағыз хит әндердің авторы әңгімесін әкесі туралы естеліктерден бастады. «Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін» дегендей, болашақ композитордың 6 айлығында өмірден озған бәйтерегі туралы көзқарас оның замандастарының әңгімелері мен анасының айтуынан қалыптасқан.
Сұхбатта аналар гимнінің шығуына арқау болған анасы Сұлухан мен өмірлік серігіндей қатар келе жатқан өнер жөнінде де сөз қозғалды.
Үнді фильмдерін барша ауыл тұрғындарына жатқа айтып беретін балалықтан қалған әдет өз өміріне қатысты естеліктерді де сондай әсерлі жеткізе білуіне ықпал еткен болса керек. Әр әңгімесінен кино көріп отырғандай сезімде боласыз. Қабыл алыңыз, көрермен.
Алдыңғы шығарылымдар:
Бақыт Беделхан: «Бұл шақ — өз бақытың үшін өмір сүре алмайтын өтпелі кезең»
Айна. Асқар Жұмаділдаев: «Минусты плюске айналдыр»
Айна. Қабдеш Жұмаділов: «Мен сүргінге кетерде Әуезов батасын берді»
Айна. Ақберен Елгезек: «Поэзияның миссиясы – Тәңірді тану»
А. Оралқызы