АЙНА жобасының бүгінгі қонағы жазушы, Тарлан-Үмітсыйлығының иегеріЖүсіпбек Қорғасбек. Бір сөзбен, сіз кімсіз? деген дәстүрлі сұраққа Мен жазушымын. Ісім де, сөзім де деп жауап берген Жүсіпбек ағаның әңгімесі сізді әдебиет әлеміне елітіп әкетеді. Мұнда тәңір, өмір, ұрпақ сабақтастығы, поэзия, муза туралы толғамдармен қоса, Оралхан Бөкей сынды саңлақтар хақындағы әдемі естеліктер де айтылады. Ал, осындай алпауыттардың қасында жүру құрметіне ие болған жазушының өмірді қайта сүруге неліктен мүмкіндік алғысы келетінін оның жан әлеміне өзіңіз бойлау арқылы ұғынып көріңіз. Алдыңғы шығарылымдарын көре отырыңыздар: Айна. Сәкен Майғазиев: Ұлылармен жақын араласудан қорқамын Айна. Бексұлтан Нұржекеұлы: Неге өтірік тарихқа сене бересіздер? Айна. Есей Жеңісұлы: Кітаптың дәурені қайта келеріне сенемін Айна. Смағұл Елубай: Темірқазықтан ажырап кетпес үшін адамға сырлас керек