Жазушы қай тілде түс көрсе, сол тілде жазу керек - дейді АЙНА жобасының қонағы, жазушы-драматург, қазақ әдебиетінің мақтанышы Дулат Исабеков. Сөз өнерінің қадір-қасиетін терең ұғынған хас суреткер әңгімесін жазуға деген іштегі құпия арманның қалай пайда болғаны туралы естеліктерден бастады. Жазушы ретінде оның есімі Ұлыбритания ұлттық кітапханасының мәңгілік қорына енсе, драматург ретінде пьесасы Шекспирдің Отанында қойылды. Оның хас суреткерлігіне тәнті болған Еуропа жұртшылығы 75 жасын арнайы атап өтіп, Лордтар палатасында құрметпен қонақ етті. Сол шаралар барысында көкіректе пайда болған ойлар мен өзге де мәселерге қатысты толғамдары бағдарламаның хронометражына сыймады. Осы себепті, Дулат ағамен болған сұхбатты екі бөліп ұсынуды жөн көрдік. Алғашқы бөлімін қабыл алыңыз, қадірлі көрермен! Алдыңғы шығарылымдар: Бақыт Беделхан: Бұл шақ өз бақытың үшін өмір сүре алмайтын өтпелі кезең Айна. Асқар Жұмаділдаев: Минусты плюске айналдыр Айна. Қабдеш Жұмаділов: Мен сүргінге кетерде Әуезов батасын берді Айна. Ақберен Елгезек: Поэзияның миссиясы Тәңірді тану