Бауыржан Қарағызұлы: "Біз уақыттан тыс әлемде өмірімізді тамашалап отырған сияқтымыз"

Бауыржан Қарағызұлы: "Біз уақыттан тыс әлемде өмірімізді тамашалап отырған сияқтымыз"
Фото: Ернар Алмабек

Тілінен күз таматын ақын бүгінде не жазып жүр деп ойлайсыз? Топырақтан нәр алып, уақыт қатпарларында поэзия миссиясын іздеп жүрген ол кейбір ақынның өлеңіне «қызғанышы» бар екенін де жасырмады. Өз заманында туған ақын кейбір адамдардан қиянат көргенін де айтты.

Жалпы, осы сияқты қызықты сұрақтардың жауабын "Айнаның" кезекті санының қонағы "Шабыт" фестивалінің гран-при иегері, өлеңдері бірнеше тілге аударылған ақын Бауыржан Қарағызұлымен болған видео-сұқбаттан біле аласыздар, қадірлі көрермен.

“Өң.Мен.Түстің" арасында жүретін ақынның өлеңіндегі мистикалық уілді сұқбат арасындағы сөз көлеңкесінен ести аласыздар. 

Шашындай бұрқыраған “Топырақ” атты өлеңі өз даусында жапырақтай жаусын десеңіз, төмендегі сілтемені басыңыз, өлең сүйер қауым!

 

Алдыңғы шығарылымдар:

Бақыт Беделхан: «Бұл шақ — өз бақытың үшін өмір сүре алмайтын өтпелі кезең»

Айна. Асқар Жұмаділдаев: «Минусты плюске айналдыр»

Айна. Қабдеш Жұмаділов: «Мен сүргінге кетерде Әуезов батасын берді»

Айна. Ақберен Елгезек: «Поэзияның миссиясы – Тәңірді тану»

А. Оралқызы