Айна. Қуандық Рахым: «Менің ең жақсы қасиетім — қазақилығым»

Айна. Қуандық Рахым: «Менің ең жақсы қасиетім — қазақилығым»
Фото: Ернар Алмабек

Қазіргідей сары басылымдар билік құрып тұрған уақытта көрермен ненің ақиқат, ненің жалған екенін ұғынудан қалды. Тәрбиеленіп жатқан өскелең ұрпақта ақпараттық талғам қалмай бара жатқандай. Осынау олқылықтың орнын толтыру мақсатында жастардың сүйікті порталы Massaget.kz жаңа “АЙНА” жобасын қолға алғаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

Сайттың тұрақты оқырмандары режиссер Сатыбалды Нарымбетов қонақта болған "АЙНАНЫҢ" алғашқы шығарылымын да көріп үлгерген болуы керек.

Бүгін жаңа жобаның екінші шығарылымын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Бұл бағдарлама аз ғана уақыт ішінде өнер сүйер қауымның көзайымына айналған Қуандық Рахымды жақын танып, оның шынайы болмысына терең үңілуге мүмкіндік береді. Қабыл алыңыз! 

Естеріңізге сала кетейік, “АЙНА”  жобасы ешкімді сынамайды, ешкімге ақыл айтпайды, ешкімді жеке өмірі туралы сұрап, тығырыққа тіремейді. Өйткені бізді қызықтыратыны ол емес. АЙНА-ның сұрайтыны – тұлғаның рухани байлығы. АЙНА-ға қарап кімнің кім екені туралы өзіңіз ой түйіп, өзіңіз шешім қабылдаңыз.  


А. Оралқызы