Массагет қазақ жастар порталы бір ай бұрын «АЙНА» жаңа жобасын қолға алды. Мақсаты – өнер-ғылым әлемінде жүрген тұлғалар жөнінде құнсыз ақпаратқа құнығатын оқырманның талғамын жоғарылату. Жоба діттегеніне жетіп келеді десек те болады. Келесі түсірілімін тағатсыздана күтетін тұрақты көрермендер қалыптасты. 13-17 минуттық бір бағдарламаны бірнеше рет көріп, өз уақытын пайдалы іске жұмсағанына риза болып жүрген оқырмандар қатары да аз емес. Лебіздесуге келген тұлғалар «Айна» алдында отырып, өз-өзіне есеп беруге, жүріп өткен жолына зер сала қарауға мүмкіндік берген редакция ұжымына алғысын білдіріп те жатыр.
Бүгінгі шығарылым ақын, белгілі журналист, спорт комментаторы Есей Жеңісұлының ішкі әлеміне үңілуге арналады.
«Мәңгі ойдан өзге досым жоқ»
«Мен қоғамнан ақымды дауламаймын»
«Кітаптың дәурені қайта айналып келеріне сенемін»
«Адам бойында қанағаттанбайтын білімге деген құштарлық сезімі болуы керек»
«Кітап оқитын адам - жаны бар адам»
«Балаға жүк арта берудің қажеті жоқ. Ол көргенін іледі»
«Футбол - өнердің кемелі»
Алдыңғы шығарылымдарын көре отырыңыз:
Айна. Сатыбалды Нарымбетов: «Атақтың бақ не сор екені парасатқа байланысты»
Айна. Қуандық Рахым: «Менің ең жақсы қасиетім — қазақилығым»
Айна.Серік Жанболат: «Ер жігіттің ең асыл қасиеті – табандылық»
Айна. Жігер Ауыпбаев: «Сағың сынбасын»
Айна. Есмұхан Обаев: «Таудың алдында есеп беріп тұрған жөн»
Айна. Асқар Жұмаділдаев: «Минусты плюске айналдыр»
Айна. Күнсұлу Шаяхметова: «Өзіме ұнаған қойылымды екінші рет көрмеймін»
Айна. Бексұлтан Нұржекеұлы: «Неге өтірік тарихқа сене бересіздер?»