Massaget.kz сайтында “АЙНА” жаңа жобасы!

Қазіргідей сары басылымдар билік құрып тұрған уақытта көрермен ненің ақиқат, ненің жалған екенін ұғынудан қалды. Тәрбиеленіп жатқан өскелең ұрпақта ақпараттық талғам қалмай бара жатқандай. Осынау олқылықтың орнын толтыру мақсатында жастардың сүйікті порталы Massaget.kz жаңа “АЙНА” жобасын қолға алды. 

“АЙНА” – тұтас буынға үлгі болар тұлғалардың өнегелі өмірі мен бар болмысын танып-білуге мүмкіндік беретін жоба. 

Ол ешкімді сынамайды, ешкімге ақыл айтпайды, ешкімді жеке өмірі туралы сұрап, тығырыққа тіремейді. Өйткені бізді қызықтыратыны ол емес. АЙНА-ның сұрайтыны – тұлғаның рухани байлығы.

АЙНА-ға қарап кімнің кім екені туралы өзіңіз ой түйіп, өзіңіз шешім қабылдаңыз. 

Тұлғаның ғана емес, қоғамның да болмысын анықтайтын “АЙНА” жобасын қабыл алыңыз.

"АЙНАНЫҢ" тұсауы ертең кесіледі.

Алғашқы шығарылым қонағы – режиссер Сатыбалды Нарымбетов.