Award.kz 2012 бәйгесінің қарсаңында конкурстың ұйымдастыру комитетімен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. Александр Ляхов пен Константин Грожанкинмен сайыстың PR-директоры Анна Осипова әңгімелесті.
Осыдан 10 жыл бұрын Award.kz 2012 бәйгесін қалай елестеттіңіздер?
Александр Ляхов: Тура 10 жыл бұрын бұл туралы ойланып көрмедім. Себебі конкурс 2002 жылы Максим Гребенкиннің мұрындық болуымен басталған еді. Біз тек 2004 жылы келдік. Жобаны ашық, мемлекет, көрермендер және демеушілер алдында абыройлы еткіміз келді. Ашықтық пен анықтыққа қол жеткізе алдық. Абырой үшін әлі де жұмыс жасап жатырмыз және жасайтын боламыз.
Константин Горожанкин: Иа, дәл осылай елестеттім. Жыл сайын өсіп, дамып келеміз. Ұйымдастыру комитетінде жұмыс істеген барлық жанға төккен терлері үшін алғысымды білдіремін.
Енді аздап қиялдап көрелік. Award.kz 2012 бәйгесін 10 жылдан кейін қалай елестетесіздер?
Александр Ляхов: 10 жылдан кейін Қазақстандағы интернет айдыны біршама дамып, өркендеп кетеді. Бұндай жағдайда көп сайттардың арасынан үздікті тани білу өте қиынға соғады.
Константин Горожанкин:
...Ең бастысы 10 жылдан кейін Award.kz интернет айдынын біріктіріп тұратын үлкен жоба болады деп ойлаймын. Бәйгенің абыройы артады. Қатысушыларға халықаралық сайыстарда бағын сынауға мүмкіндік беретін боламыз.
суретер: award.kz