Award.kz 2012 бәйгесінің номинациялары

Алдыңғы жазбаларда AWARD.KZ 2012 жүлдесінің негізінің осыдан он жы бұрын қаланғандығын айттық. Осы уақытққа дейін жыл сайын интернет айдынындағы үздіктер анықталып, құрмет-қошеметке ие болды. Бәйгенің ережесі де жыл өткен сайын өзгеріске ұшырап ыңғайланып келе жатыр. Сол өзгерістердің бірі биыл әлеуметтік желі арқылы дауыс беру кезінде IP-адрестің еленетіндігі мен SMS арқылы дауыс беру мүмкіндігі болып отыр.

Бұл жазбада AWARD.KZ 2012 номинацияларымен таныстырмақпыз. Бәйгеге қатысуға ниет білдіргендер 10 номинация бойынша іріктеліп шығады:

Масс-Медиа Балалар тәрбиесі, білім және ғылым Мәдениет және өнер Дене шынықтыру және спорт, медицина және денсаулық, саяхаттау және демалыс Желілік сервистер Корпоративтік сайттар Мамандандырылған және аймақтық сайттар Қоғамдық ұйымдар Билік және өзін-өзі басқару органдары Персоналды парақшалар, танысу және сұхбаттасу

 

Сүйікті Массагетіміз Масс-Медиа номинациясында бақ сынамақ. Интернетегі қазақ сайттарының тасы өрге домалап, абыройы асқанын қаласаңыз шарадан тыс қалмаңыз. AWARD.KZ 2012-де дауыс беріңіз!

сурет: award.kz