Award.kz 2012 бәйгесінің номинациялары

Award.kz 2012 бәйгесінің номинациялары

Алдыңғы жазбаларда AWARD.KZ 2012 жүлдесінің негізінің осыдан он жы бұрын қаланғандығын айттық. Осы уақытққа дейін жыл сайын интернет айдынындағы үздіктер анықталып, құрмет-қошеметке ие болды. Бәйгенің ережесі де жыл өткен сайын өзгеріске ұшырап ыңғайланып келе жатыр. Сол өзгерістердің бірі биыл әлеуметтік желі арқылы дауыс беру кезінде IP-адрестің еленетіндігі мен SMS арқылы дауыс беру мүмкіндігі болып отыр.

Бұл жазбада AWARD.KZ 2012 номинацияларымен таныстырмақпыз. Бәйгеге қатысуға ниет білдіргендер 10 номинация бойынша іріктеліп шығады:

  • Масс-Медиа
  • Балалар тәрбиесі, білім және ғылым
  • Мәдениет және өнер
  • Дене шынықтыру және спорт, медицина және денсаулық, саяхаттау және демалыс
  • Желілік сервистер
  • Корпоративтік сайттар
  • Мамандандырылған және аймақтық сайттар
  • Қоғамдық ұйымдар
  • Билік және өзін-өзі басқару органдары
  • Персоналды парақшалар, танысу және сұхбаттасу

 

Сүйікті Массагетіміз Масс-Медиа номинациясында бақ сынамақ. Интернетегі қазақ сайттарының тасы өрге домалап, абыройы асқанын қаласаңыз шарадан тыс қалмаңыз. AWARD.KZ 2012-де дауыс беріңіз!

сурет: award.kz