Құрметті де ардақты Массагеттің жанкүйерлері! AWARD.KZ 2012 бәйгесінің бірінші бөлімі аяқталып, мәресіне жетті. Қазақстандық мамандар өз бағаларын беріп болды. 10 адамнан тұратын қазылар алқасының берген бағаларының нәтижесі бойынша, Массагет сайты 5,6111 ұпайға ие болды.
Енді халықаралық мамандардың бағалауын күтеміз. Бәсекенің бұл сатысы 1 қараша күні соңына таяйтын болады.
Аяулы оқырмандар! Сіздердің әрбір дауыстарыңыздың біз үшін өте маңызды екендігін жеткіземіз. Әлеуметтік желілермен қатар СМС хабарлама арқылы дауыс беруге де болатындығын естеріңізге саламыз. Ол үшін 9686 нөміріне А 235 текстін жіберу керек.
Бәйге ережелерімен мына жерден толығырақ таныса аласыздар.
Құрметпен Массагет ұжымы