- Негізгі бет
- Авто
- Xiaomi 2023 жылдан...
Xiaomi 2023 жылдан бастап электромобильдер шығарады
Қытайдың смартфон және басқа электрон жабдықтар өндіруші Xiaomi корпороциясы 2023 жылдан бастап электромобильдер шығаруды жоспарлап отыр.
Reuters-тің хабарлауынша, Xiaomi корпорациясы Қытайдың Great Wall автомобиль өндірушісімен бірлесіп электромобильдер шығаруды жоспарлап отыр. Компанияның электромобильдері көпшілікке арналған, оның алғашқы моделі 2023 жылы нарыққа шығады.
Great Wall көлік әзірлеуде басқа компаниялармен әлі жұмыс істемеген. Компаниялар серіктестік туралы жаңалықтарды келесі аптаның басында жариялауды жоспарлап отыр.
Жаңалықтардан кейін Xiaomi акцияларының бағасы 5 пайызға, ал Great Wall акциялары 9 пайызға өсті.
Xiaomi кірісін әртараптандыруды мақсат етіп, электрокар шығаруды көздейді. Компания табысының негізгі бөлігі смартфондар бизнесінен келеді.
Ірі технологиялық компаниялар да автомобиль шығару туралы ойлана бастады. Мысалы желтоқсан айында Apple 2024 жылы алғашқы электромобилін шығаратынын мәлімдеді. Ақпан айында Huawei электромобилін 2021 жылы шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бірақ кейін, компания бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Бұған дейін Volvo 2030 жылға қарай тек электромобильдер шығаруды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. Компания 2020 жылы XC40 Recharge деп аталатын электромобильдерді сата бастады, ал 2025 жылға қарай Volvo автомобильдерінің сатылымының 50 пайызы электрмен жабдықталады деп отыр.
Т. Раушанұлы