- Негізгі бет
- Авто
- Volkswagen жаңа электрокарына...
Volkswagen жаңа электрокарына атау берді
Әлемдік автомобиль алыптары барынша заманауи электр қуатымен жүретін машиналарды күнделікті қолданысқа ендіруге талпынып жатыр. Соның бірі Volkswagen өндірісі де электркарларды құрастырумен шұғылдануда.
Неміс автомобиль өндірісі Duo-E атаулы жаңа үлгідегі электрокарын таныстырды. «Е» әрпі – «электромобиль» сөзін білдіретін латын әліпбиіндегі алғашқы әріп. Неміс фирмасы алдағы уақытта да шығатын электр қуатымен жүретін машиналарын осы әріптің қатысуымен атайтын болады. Ал атаудың алғашқы бөлігі «Duo» бөлігін «екі жақты, көп қырлы» деген мағынаны береді.
Volkswagen осыған дейін де мұндай үлгінің пайда болатыны туралы азды-көпті ақпарат таратқан болатын. Желіде әртүрлі видеороликтер, тизерлер көрсетіліп, бұл үлгінің кішкене ғана кешенді, компактілі машина болатыны белгілі болды.
Алайда бұл үлгі туралы әлі де жеткілікті ақпарат, көрсетілім жоқ. Тек электрокар Volkswagen Microbus линиясы негізінде шығатыны ғана белгілі. Неміс конкерні мұндай құпияларды барынша ұстануға тырысады.
Н. Үсенова