Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев автокөліктер мен ауылшаруашылық техникаларын қайта өңдеу төлемінің жаңа мөлшерлемесі қашан жарияланатынын айтты.
Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген Брекешев утильалым ақысы төмендегеннен кейін көліктер арзандай ма, жоқ па оны айта алмады.
"Тариф мәселесіне келсек, ертең (23 ақпанда) автокөлік техникасы мен ауылшаруашылық техникасына тарифтер жарияланады. Аударылған ақша туралы барлығы біледі, РОП операторының екінші деңгейлі банктердегі есепшоттарында шамамен 220 миллиард теңге болған. Шешімге сәйкес бұл ақша енді "Жасыл дамуға" берілді", - деді министр.
Ол аталған соманың қанша бөлігі жеңілдетілген автонесиеге кететінін де айта алмады.
Еске салайық, 8 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев қоқыс өңдеу ақысы туралы айтып, қазақстандық автомобиль өнеркәсібін дамытуға жұмсалған ақшаны тиімді пайдалану керек екенін айтқан болатын. 19 қаңтарда Үкімет "Оператор РОП" ЖШС-ға қатысты қаулы қабылдады, онда оны утильалым төлемі үшін ақша өндіру құқығынан айыру, сондай-ақ утильалым төлемі есебінен құрылған активтерді мемлекет меншігіне алу туралы шешім қабылданды.