- Негізгі бет
- Авто
- Ұшатын көлік 2017...
Ұшатын көлік 2017 жылы сатылымға шығады
Словакияның «AeroMobil» компаниясы құрастырған ұшатын көлік 2017 жылы сатылымға шығады. Бүгінде бұл аэрокөлік барлық сынақтардан сәтті өткен.
Бұл әуекөліктің прототипі, шамамен, 25 жыл аралығында жасалынған. Түзу жолда орта есеппен алғанда 160 км/сағатпен жүрсе, әуеде 200 км/сағаттан астам жылдамдықпен ұша алады.
Қарапайым көліктер жүретін қара жолға емін-еркін сыяды. Сондай-ақ, көлік тұрағына еш қиындықсыз қоюға болады. Көлік әуеде ұшқанда сағатына 15 литр жанармай жағады. Өндірушілер қауіпсіз ұшу құрылғыларының сапасының мықтылығына кепілдік беріп, сенім білдіріп отыр.
2017 жылы сатылымға шығатын көліктің бағасы 200 000 евро шамасында болады. «АИ-95» жанармайымен жүреді. Моторының күші – 100 аттың күшіне пара-пар. Көлікті жүргізу үшін жүргізуші куәлігіне қоса, ұшқыштар курсынан өткені туралы арнайы сертификат қажет екен.
Өкінішке орай, ұшқыш көлік иесіне жол кептелісінен қашып құтылуына көмектесе алмайды. Әуеге көтерілуі үшін 50 метрлік асфальтты жол немесе қарапайым шөпті алқап қажет. Тік ұшу технологиясы әлі жетілдірілмеген. «Aeromobil» компаниясының инженерлерінің айтуы бойынша, егер көлік бірден әуеге көтерілу мүмкіндігіне ие болатындай етіп жасалса, жанармайды көп қажет ететін көрінеді.
О. Сансызбай