"Цифрлы Қазақстан" жол-көлік апатын азайтуда шетел тәжірибесіне сүйенеді

"Цифрлы Қазақстан" жол-көлік апатын азайтуда шетел тәжірибесіне сүйенеді
Фото: Automag.kz

Халықтың цифрлық сауаттылығын көтеру мақсатында "Цифрлы Қазақстан" жобасы өз жұмысын бастады. Соның ішінде ақпараттық-технологиялық сүйемелдеу бөлімі аса маңызды. Не үшін маңызды?

Ақпараттық-технологиялық сүйемелдеу (АТС) – бұл ақпаратты өңдеу және ұтымды шешімдер мен басқару әрекеттерін анықтау бойынша өте күрделі қызметтерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін телематикалық транспорттық жүйе.

Жапония АТС құруға өткен ғасырдың 70-жылдарының бірінші жартысында кірісті, алдымен ғылыми зерттеулер жасалып, кейіннен олар жалпы ұлттық әл-ауқатты көтеру үшін әлеуметтік-бағыттық бағдарлама түрінде рәсімделді. 2003 жылы «АТС-Жапония» қоғамымен тағы да бір кезеңдік құжат – «Жапониядағы АТС дамыту стратегиясы» дайындалды. Бүгінде Жапонияда АТС – жабдық жоғарғы және орта кластағы автокөліктердің барлығына міндетті түрде орнатылады.

Қытайда Коммуникация министрлігі АТС дамытуға 1997 жылы кірісті, ең алдымен АТС Ұлттық инжиниринг және технологиялар орталығы құрылды. 2003 жылы АТС стандарттау бойынша Қытай ұлттық техникалық комитеті құрылды, 2007 жылы «Қытайдың АТС дамыту стратегиясы» қабылданды. Қытайда АТС дамыту мемлекет тарапынан толығымен бақылау жүргізіле отырылып, жоспарлы түрде жүзеге асырылады. АТС-сервистерін әзірлеу және енгізу бойынша сәйкес тапсырмалар экономиканы дамытудың бесжылдық жоспарларында көрсетіледі.

Қазақстан Республикасында АТС енгізу мына міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

1. Көлік құралдарын басқару арқылы транзиттік әлеуетті көтеру (транзиттік көлікті бағдарлау, транзиттік көліктің қозғалысын жоспарлау, сервистің бекітілген деңгейін сақтау, транзиттік ағынның кепілденген Телематикалық және АТЖ архитектурасы мен стандартизациясы. Шетелдік және отандық тәжірибе өту уақытын қамтамасыз ету, транзиттік көлікті басқару үшін қажетті борттық жабдықтарды біріктіру);

2. Көліктегі қауіпсіздікті күшейту;

3. Логистика және көлікті басқару (жолаушыларды және жүкті, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдауды басқаруды қамтамасыз етеді), тасымалдауларды басқару қызметін автоматтандыру арқылы тұрақты жолаушылар тасымалдауларының қауіпсіздігін күшейту;

4. Көліктегі барлық қызмет әрекеттерінің жеделдігін үдету және тиімділігін көтеру.

Автомобиль саласындағы тағы да бір мәселе – автокөлік жолдарының жағдайы болып табылады. Сонымен, республикалық деңгейдегі автокөлік жолдарының жағдайы туралы ақпараттар бойынша 2015 жылға мынадай статистика берілген:

  • жолдардың 37% (8 662 км) жақсы жағдайда;
  • жолдардың 46 % (10 901 км) қанағаттанарлық жағдайда;
  • жолдардың 17 % ( 4117 км) нашар жағдайда.

Бүгінде Қазақстан Республикасында жол активтерін басқару жүйелері сияқты автожолдық активтер бойынша кешендік шешімдер қолданылмайды. Көп ақпарат жұмысты жүргізуші мекеменің жергілікті деректер қорына жиналады. Дегенмен бұл ақпарат деректердің ортақ қорына шоғырланбайды, сондықтан автоматты түрде өңдеп, толық есептемелер мен болжамдар алу мүмкін емес. Осыған байланысты жол желісінің жағдайы туралы нақты және объективті көрініс жоқ. Жол бетін жөндеу жағдайын талдап, монитринг жасау үшін жол активтерін басқару жүйесі – жолдарды құрал-сайманмен жете тексеру деректері негізінде қажетті инвестиция көлемін болжайтын, жолдардың таңдалып алынған жөндеу-қалпына келтіру іс-шараларының стратегиясына байланысты техникалық жағдайын болжайтын ақпараттық жүйесі пайдаланылады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мемлекеттерінің тәжірибесіне сәйкес бұл жүйе Австралияда, Ұлыбританияда, Францияда, Жапонияда, Кореяда, Германияда және т.б. елдерде нәтижелі жұмыс істеп келеді. Негізінен бұл жүйелер мемлекеттік органдар деңгейінде жол агенттіктері түрінде құралған және жол жағдайларының сапасының өзгеруін және мердігерлердің жұмысының сапасын объективті бағалайтын құрал ретінде қызмет етеді. Жол активтерін басқару жүйесінің көмегімен келесі міндеттерді шешуге болады:

1. Қазақстандағы жолдарға байланысты анық және нақты, сонымен қатар басқа тұлғалармен деректермен алмасу үшін жарамды ақпараттар ұсыну үшін деректер қорын құру;

2. Автожолдардың диагностикасы, жолдардың қызмет көрсету-пайдалану жағдайлары, көлік қозғалысының қарқындылығы мен құрамы, жол-құрылыс материалдары мен олардың сипаттамалары, жолдарға қойылатын нормативтік талаптар және т.б. туралы деректер қорын қалыптастыру және үнемі жаңартып отыру;

3. Шектелген ресурстарды ескере отырып, ағымдағы кезеңге жөндеу іс- шараларының кезектілігін жоспарлау;

4. Жолдардың жағдайларын болжау және жөндеу жұмыстарының болашақтағы кезектілігін жоспарлау, олардың құнын анықтау, негіздеу;

5. Оңтайлы технологияларды таңдап, жол-жөндеу жұмыстары бойынша жоспарды орындау;

6. Жол-жөндеу жұмыстарының сапасының бақылауын қамтамасыз ету.

Көлік-логистикалық бағытты талдау барысында жол-көлік апаттарының факторын тыс қалдырмау керек. Жарақат алғаннан кейін алғашқы сағатта медициналық көмек ала алмау ауыр жарақаттанушылар арасындағы өлімді 30%-ға, 3 сағатқа дейін созылып кетсе – 60%-ға және 6 сағатқа дейін көмек ала алмаса – өлген адамдардың саны екі есе көбейеді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Еуроодақ жолдарындағы апаттар салдарынан 25 700 адам қайтыс болған. Сарапшылардың пікірі бойынша жаңа жүйе енгізу арқылы зардап шегушілердің санын жылына 10%-ға дейін азайтуға болады. Мамандардың айтуынша, 112 қызметінің негізінде құрылған eCall жүйесін жетілдіру Еуроодақтың 28 қатысушы -мемлекеттеріндегі қауіпсіздік көрсеткішін көтеруге мүмкіндік береді.

Р. Роза