- Негізгі бет
- Авто
- Tesla өз тарихында...
Tesla өз тарихында алғаш рет жылды кіріспен аяқтады
Tesla өткен жылы 500 мың автомобиль сату мақсатына жетті. Жыл соңында компания 499 550 электрокар сатқанын мәлімдеді.
Тесла өз тарихында алғаш рет жылды кіріспен аяқтады. 2020 жылдың соңында компанияның таза табысы 721 миллион долларды құраған. Компания 2019 жыл соңында 862 миллион доллар шығынға ұшыраған еді.
Компанияның кірісі Қытайда электромобильдерге сұраныс артуына байланысты көбеген. Tesla компаниясы 2019 жылдан бастап Шанхайда электромобильдер шығара бастады.
Шанхайдағы зауыт жылына 450 мың Model 3 және Model Y электромобилдерін өндіреді.
Илон Маск қай салада болсын, 2020 жылды табыспен аяқтады. 49 жастағы Маск Силикон алқабындағы электромобиль шығаратын шағын компанияны әлемдегі жетекші автомобиль өндірушілердің біріне айналдырды. Оның SpaceX аэроғарыш компаниясы 2011 жылдан бері алғаш рет АҚШ астронавтарын орбитаға қайта шығарды. Маск кәсіпкер ретінде биыл автомобиль, аэроғарыш және технология нарығына айтарлықтай өзгеріс енгізді. Тесланың S&P 500 құрамына енуі Маскты әлемдегі ең бай адамға айналдырды.
Осы уақытқа дейін бірде-бір кәсіпкер бір жыл ішінде 100 миллиард доллар таппаған болатын. Ал Масктың қалтасы биыл осынша қаржыға қалыңдады.
Т. Раушанұлы