- Негізгі бет
- Авто
- Tesla Model...
Tesla Model X-тің басты бәсекелесі электркөліктерін таныстырды
Фото:
drive.ru
«SF Motors» машина жасау компаниясы 1000 ат күшіне ие SF5, SF7 электрлі кроссоверлерін таныстырды. Бұл автомобилдер бір рет қуатталу арқылы 500 километр қашықтықты жүріп өте алады.
Қытайдың «SF Motors» компаниясы жасап шығарған темір тұлпарлардың ерекшелігі – оларды адамдар алкогольді ішімдік ішіп жүргізе алмайды. Инженерлер адам демінің иісін сезетін құрылғылар арқылы осындай жетістікке жетіп отыр.
SF5, SF7 электркөліктері 100 км/сағат жылдамдықты 3 секундта бағындырады. Мамандар болашақта SF5, SF7 машиналары Tesla Model X электрокарларының нарықтағы басты бәсекелесі болады деп мәлімдеп отыр.
Аталған темір тұлпарлардың нарықтағы сатылымы 2019 жылға жоспарланып отыр.
Т. Раушанұлы