- Негізгі бет
- Авто
- Tesla көліктері келесі...
Tesla көліктері келесі жылы арзандай түспек
Tesla компаниясы 2016 жылдың наурыз айында өзінің Model 3 атауына ие жаңа электромобилін таныстырады. Аталған модель BMW автоконцерні құрастырған электр негізінде қозғалатын көліктердің үшінші сериясына жауап ретінде шығарылмақ. Бұл туралы компанияның атқарушы директоры Элон Маск инвесторлармен болған кездесуде мәлімдеді.
Компания басшысы: «Біз Model 3 көлігін келесі жылдың наурыз айында таныстыруды көздеп отырмыз», - дей келе, анонс уақытының нақты емес екенін ескерте кетті.
Маңыздысы мақсат пен мүдде нақты болғандықтан, негізгі жоспар оң нәтиже берері анық. Осыған дейін Tesla өнімдерінің қуат жинақтағышы орташа есеппен 300 шақырымға жететіні туралы ақпарат берілген болатын. Ал Model 3 құрылымы одан жоғары көрсеткішке ие болып, 2017 жылдан бастап жаппай сатылымға шығарылмақ.
Бейресми ақпаратқа сүйенсек, жаңа көліктің бағасы 35 000 АҚШ долларын құрамақ. Бұл Tesla компаниясының орта сегментті көлік нарығына ауысуын көрсетеді. Ал премиум-сегментті Model S және Model X модельдері бұрынғы бағада сатыла бермек.
Сонымен қатар, Model 3 электромобилінің нарыққа шығарылатын саны Model S моделіне қарағанда 20 %-ға аз болады. Сарапшы мамандардың айтуынша, көліктің аз әрі арзан нұсқада болуы Tesla бюджетінің тұрақты деңгейде өсуін қамтамасыз етеді. Себебі осыған дейін құрастырылған Tesla көліктері 90 000 АҚШ доллары шамасында болып, жалпы есеппен сатылым деңгейі төмендеп кеткен болатын.
Элон Маск инвесторлармен кездесу кезінде Model X көліктерінің құрылымының дамытылып жатқанын және ағымдағы жылдың шілде айынан онлайн тапсырыстар беруге болатынын хабарлады.
Ұқсас жазбалар:
Tesla электромобилі Ferrari көлігін басып оза ала ма? (видео)
Tesla Model S P85D электрокары жаңа әлемдік рекорд орнатты
Ж. Өрісбай