Америкалық кәсіпкер Илон Масктың Tesla-сы S&P 500 индексіне енгеніне 2 апта болса да, қымбаттауын тоқтатар емес. Компания акциясы кейінгі 9 күнде 100 миллиард долларға қымбаттаған.
Қазір компанияның жалпы құны 600 миллиард доллардан асты. 7 желтоқсанда Tesla акциялары 7,1 пайызға өсіп, бір акциясы 641 долларға жетті.
Нәтижесінде компания Amazon, Facebook, Apple, Alphabet және Microsoft корпорацияларынан кейін нарықтық капитализациясы 600 миллиард доллардан асқан әлемдегі 6-шы компанияға айналды.
Tesla акциялары 21 желтоқсаннан бастап S&P акциялар индексіне енгізіледі. 16 қарашада индекске қосылу мақұлданғаннан кейін компания 220 миллиард долларға (57 пайыз) бағаланды.
Сарапшылар жыл соңына дейін Tesla акциясының бағасы 780 долларға жетуі мүмкін деп болжап отыр.
Мұндай нәтижеден соң Илон Масктың байлығы 152,9 миллиард долларға жетті.
Маск әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 2-орынға көтерілген еді. Бір жыл ішіндее кәсіпкердің байлығы 120 миллиард долларға көбейді.
Қазір Маск әлемдегі қалталы адамдар арасында 185 миллиард доллары бар Amazon компаниясының басшысы Джефф Безостан кейін екінші орында тұр.