Алғашқы қар түскен сәттен бастап көлік жүргізушілері "сенімді досын" қысқа дайындауға кіріседі. Қыстық дөңгелек алып, көліктің ең маңызды деген бөлшектерін ауыстырады. Осы орайда тежеуіш жүйесін бір тексеріп алу артықтық етпейді. Өйткені күн суыған сайын көліктің жолда тоқтауы қиынға соғатыны белгілі.
1. Тепкінің қатты болуы
Егер тепкінің жүрісі алыс және қатты болса – тежеуіштің вакуумды күшейткішіне не оған тоқты ажыратқышты әкелетін түтікшеге зақым келгені анық. Көлікті тоқтатқан сәтте ол бүйіріне қарай тартса – суппорт цилиндрінің сыналануын білдіреді. Мұндайды әсіресе қысты күні байқауға болады. Мұзды жолда көлік дұрыс тоқтамай, жан-жаққа кетіп, бүйіріне тартады.
2. Тежеуіш жүйесінде ақау бар екенін көрсететін индикатор жанып тұрады
Бірінші кезекте аспап-құралдар панелін және қозғалтқыш іске қосқышын тексеріп көру қажет. Егер индикатор өшпесе, қол тежегіш қосылып тұруы не тежеуіш сұйықтығы азаюы мүмкін. Кейде тежеуіш сұйықтығы мүлдем ағып кеткен жағдайда индикатор өшпей жанып тұрады.
3. Тепкінің жүрісі алыс
Тепкіні басқанда ол соңғы сәтте ғана тоқтаса тежеуіш жүйесіне ауа кіргенін білдіреді. Мұндай жағдайда тепкіні бірнеше мәрте қайталап басып, жүйеден ауаны шығару қажет. Сонда тепкіні жүрісі ауырлай түседі. Дегенмен көлігіңізді техникалық байқау станциясы әкеліп, тежеуіш жүйесін бір тексертіп шығу қажет.
Сондай-ақ тежеуіш құбыршектерінің кеңейіп кетуі мен барабанды механизмдегі саңылауды автоматты сәйкестендіретін жүйені істен шығуы тепкінің жүрісіне әсер етеді.
4. Тежеу кезінде рөлдің дірілдеуі
Ескі көліктерге тән ақау. Тежеуіш колодкасының қаптамасы түсіп қалғанда не барабанды механизмдегі тартпа серіппесі босап қалса тежеу кезінде рөл дірілдейді.
5. Тежеу кезінде артық дыбыстардың шығуы
Тежеу кезінде көліктен түрлі дыбыстар шығуы мүмкін. Бұның бірнеше себебі бар. Ішінде кеңінен таралғаны: суппорт қаптамасының түсіп қалуы не оның тозуы, тежеуіш дискті дат басуы не қатты кірлеуі.
6. Көлік тоқтаған сәтте әр жаққа лақтыруы
Дөңгелектің қисық орнатылуы, кузовтың геометриясының бұзылуы, дөңгелек қабының әркелі тозуынан көлік тоқтау кезінде шетке кетіп қалуы мүмкін. Бұған қоса тежеуіш колодкасы майланған сәтте не контурдағы поршеньдердің қарысып қалуынан көлік тежеу кезінде әр жаққа кетеді.