- Негізгі бет
- Авто
- Шетелден келетін көліктің...
Шетелден келетін көліктің утильалымын мемлекет жүргізеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда утильалымы төлемін тоқтатуды бұйырды.
Бұған дейін утильалымы жеке компанияға тиесілі еді және өте қымбат болатын.
"Оператор РОП" деп аталатын компанияның жұмысына қатысты сұрақ көп. Тіпті, оның қызметіне қарсы бір қоғамдық қозғалыс құрылғаны да белгілі болды. Мен үкіметке "Оператор РОП" компаниясының утильалымдар алуын және утильалымдарға қатысты қызметін тоқтату туралы тапсырма беремін. Бұл жұмысты шетелдегідей мемлекекеттік орган атқаруы керек. Ал алымдардың құнына келсек, ол қайта қаралуы керек", - деді Тоқаев.
Утилизациялық алымдарын өзіне келетін болсақ, олардың мөлшерлемелерін қайта қарау керек, деді Мемлекет басшысы.
Бұл ретте ол мемлекеттің қайта өңдеу, автомобиль өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы техникасын қолдау жөніндегі функцияларын ешкім жоймағанын атап өтті.
Т. Раушанұлы