Өзінің керемет темір тұлпары болуын әр жігіт армандайды. Ал, егер өзіне тиесілі болса оған күтіммен қарап, қажет жерін жөндеп, сәндеп, ретке келтіреді. Алайда, жолда сізбен қатар басқа көліктер барын да естен шығармаған жөн. Сіз заңды сақтап жүргеніңізбен, заңға қайшы әрекет жасайтын біреу кездеседі. Мұндай жағдайлар көбіне көлік апатына алып келеді. Көлігіңіздің сәнін бұзып тұрар серіппелі темір (бампер) қисайып не майысып тұрғаны бірден көңіліңізді түсіреді.
Бұрын мұндай ұсақ-түйек жұмыстарды арнайы автокөліктерді жөндейтін орталыққа барып, көрсетсеңіз, бүгінгі таңда өзіңіздің де қолыңыздан келеді. Көп жағдайда көлік апаты кезінде, жол жиегінде орналасқан арнайы бұғаттауларға тиген кезде, ең алдымен, сіздің серіппелі теміріңіз майысады. Сол уақытта оны бірден арнайы мамандарға апармай-ақ, үйіңізге барып өзіңіз қалпына келтірсеңіз болады. Ол үшін қайнаған ыстық су ғана керек. Ыстық суды майысқан серіппелі темірге құйып, оның жұмсарғанын күтесіз. Содан соң ішінен қатты итеріп, бастапқы қалпына қайта келтіріп аласыз. Мұндай оңай жұмыс үшін көп шығынданудың да қажеті жоқ. Іске сәт, достар.