- Негізгі бет
- Авто
- Семейде «ГАЗель Next»...
Семейде «ГАЗель Next» автобусы құрастырылады
Фото:
mail.ru
Семейде 19 орындық «ГАЗель Next» автобусы құрастырылатын болды. Жаңа автобус жолаушыларға ыңғайлы болып жасалмақ.
Автобустың ұзындығы 6 метр, биіктігі 3 метрге жуық, ені 2 метрден асады. Дизель арқылы жүретін көлік механикалық жүріс қорабымен жабдықталған.
Семейдегі өндіріс орны айына 300 автобус шығаруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ жолаушыларға ыңғайлы болу үшін екі есікті болып жасалған. Осыған дейінгі нұсқасында бір есікті болып құрастырылып келген еді.
О. Сансызбай