Чехияның "MW Motors" компаниясы "Luka EV" электркөлігін жасап шығарды. 4 метрлі "Luka EV" көлігі 1950-60 жылдарда шығарыла бастаған. Бұл үлгі алдынан қарағанда "Volkswagen Karmann Ghia"-ны, артынан "Аston Martin DB4"-ті есіңізге түсіреді.
"Luka EV" жалпы алғанда 68 ат күшіне ие, төрт электр қозғалтқыштан тұрады. 815 келі тұратын көліктің спидометр көрсеткіші 9,6 секундта 100 бағамына бірден көтеріле алады. Максималды жылдамдығы сағатына – 146 шақырым.
Электрокар қозғалтқышы 21,9 кВтс көлеміндегі батареядан қуат алады. Батарея қуаты 300 шақырымға дейін жетеді. Электркардың артықшылығы 1 сағатта 80 пайыз қуатталу құрылғысымен, былғары орындық, ауа-райы бақылауы, навигациялы мультимедиамен жабдықталған.
Осы уақытта аталған электрокар шамамен 20 мың еуроға сатылуы мүмкін деген болжам бар.