Адам бір мақсатқа жету үшін тек қана алға қарай қадам басу керек. Ал, "болмайды", "менің қолымнан келмейді" дегеннің барлығы тек сылтау ғана. Бұл сөзімізге үндістандық Прем Такурдың ісі дәлел. Мумбай қаласында туған жігіт кішкентайынан инженер болып, өз көлігін құрастырып шығуды армандаған екен. Алайда, отбасы жағдайының төмендігі қабырғасын қайыстырып басқа бір жолдарын қарастыра бастаған. Балалық арманы 19 жасқа жеткенде ғана іске асқан. "Hyundai Accent" көлігінің қаңқасын алып, өз мәшинесін құрастыруға кіріскен жігітке "Youtube" әлеуметтік желісі көмектескен. Кем-кетігін жамап, қолданысқа арнап жасаған мәшинесіне бар жоғы 3 750 АҚШ доллары кеткен. Баласының талабы мен еңбекқорлығын байқаған ата-анасы арманын орындауға қаржы беріп отырған. Бүгінде Мумбай жұртшылығы Прем Такурдың жасаған дүниесіне таңғалып жүр.