- Негізгі бет
- Авто
- Нағыз ерлерге арналған...
Нағыз ерлерге арналған автокөліктер
Carsweek порталы нағыз ерлерге "жарасатын" автокөліктердің рейтингін жариялады. Бірінші орында - Mercedes-AMG G-class жол талғамайтын көлігі.
Ер адамдар талғамына сай келетін бұл автокөліктердің рейтингі түрлі статистикалық қорытындылар нәтижесінде жасалған. Расымен де рейтингтегі темір тұлпарларды көбіне ерлер тізгіндейді.
Mercedes-AMG G-class жол талғамайтын көлігі айрықша салоны, төртбұрышты пішіні және жол талғамайтын ерекшелігімен алда тұр.
Нағыз ерлерге арналған автокөліктер рейтингінде екінші орында американың Hummer H2 көлігі тұр. Бұл көлікті шығару 2009 жылы тоқтаған. Әйткенмен әлі күнге дейін зор сұранысқа ие.
Үздік үштікті тағы бір америкалықтар шығаратын Cadillac Escalade автокөлігі түйіндеп тұр. Бұл ең танымал голливудтық жол талғамайтын көліктердің бірі. Талай танымал фильмдерден байқаған да боларсыз.
Төртінші сатыға да АҚШ-та шығатын автокөлік орналасқан. Jeep компаниясы шығаратын Wrangler-ді ерлер көп тізгіндейді екен.
Бесінші сатыға жапондар шығаратын Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі жайғасқан. Сарапшылар пікірі бойынша, "нағыз ерлерге арналған классикалық автокөлік" деген бағаға ие болған.
Н. Үсенова