- Негізгі бет
- Авто
- Майын ауыстыру аса...
Майын ауыстыру аса қиын 5 автокөлік
Көлік майын ауыстыру аса қиын шаруа емес. Мұндай қызмет көрсететін жөндеу орындары көп-ақ. Бірақ аса қымбат көліктердің майын ауыстыра салу бірер сағатта жүзеге аспайды. Азын-аулақ ақша да болмайды.
Майын ауыстыру ең қиын көлік − Bugatti Veyron. Автослесір кем дегенде 27 сағат уақытын жұмсайды. Себебі майын ауыстыру үшін дөңгелегін, тежегішін, артқы бөлігі мен жоғарғы орағытқышын шешу керек. Қызмет құны шамамен 10 миллион теңгені құрайды.
Bugatti Veyron-нан кейін Lamborghini Huracan LP спорткары. Бұл темір тұлпардың да майын ауыстыру қиынның қиыны. Ол үшін 50 бұранданы шешу арқылы техникалық қақпағын ашу қажет.
Майын ауыстыру қиын тағы бір көлік − Porsche Carrera GT. Қиындығы сол, майын ауыстырар кезде фильтрін де ауыстыру қажет. Бұл үшін көлік иесі 2,5 миллион теңге шығындайды.
Төртінші көлік − Ferrari 488. Майын ауыстыру үшін аэродинамикалық панелі мен артқы диффузорын жөндеуге тура келеді. Бұл жұмыс ұзақ уақыт алады. Сондай-ақ механиктерге арнайы құралдар да қажет болады.
Renault Kaptur орта санаттағы автокөлік саналғанмен, бұл машинаның да майын ауыстыру оңай емес. Себебі қозғалтқыштың қорғанысын қамтамасыз ететін бұрандалар қатты бекітілген. Шешу оңай емес.
Н. Үсенова