Жыл сайын ұйымдастырылатын «Пивной дозор» фестивалі биыл да жалғасын тапты. Аталған іс-шараға Алматы қаласы бойынша 7000-нан астам адам қатысқан. Мереке қарсаңында ұйымдастырушылар келген қонақтарға символикалық тұрғыдағы көліктің рөлдерін таратып, кейін оны сыйлыққа ауыстырған. Мұндағы басты идея, «мас күйіңде көлік рөлін қалдырып кет» дегенді меңзеген.
Фестиваль ұйымдастырушылары жыл сайын келген қонақтар санының өсіп жатқанын алға тартады. Болашақта өзге де қызықты конкурстар жариялап, жаңаша қырынан көрсететіндерін де тілге тиек етті. Акция аяқталғаннан кейін келушілір безендірілген банерлердің маңында суретке түсіп, соңынан би алаңына қарай бет бұрды.