- Негізгі бет
- Авто
- Лас-Вегаста үш дөңгелекті...
Лас-Вегаста үш дөңгелекті көлік таныстырылды
Негізгі орталығы АҚШ-тың Сан-Диего қаласында орналасқан Virtue Cycle Solutions компаниясы көпшілікті таң қалдырған автокөлік жасап шығарды. Оған Pedalist деген атау берілген. Жаңа көлікті жабық велосипед деуге де болады.
Электр қуатымен қозғалатын авто «Interbike 2014″ автошоуында көрмеге қойылатын болады.
Веломобильдің сырт көрінісіне мән берер болсақ, өзі биік әрі жіңішке кейіпте.
Pedalist автомобилінің ені 86 сантиметр. Демек, аталған көлік кез-келген стандартты есіктен өтіп кете алады. Ал салмағы қуат жинақтағышы мен қозғалтқышын қоспағанда 90 килограмды қамтиды.
Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, Pedalist автокөліктері 2015 жылдың ортасынан бастап жаппай шығарыла бастайды. Алдын ала белгіленген бағасы 3 500-3 900 АҚШ долларын құрайды.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: snnc.co
Ж. Өрісбай