- Негізгі бет
- Авто
- Қытайлықтар Range Rover-дің...
Қытайлықтар Range Rover-дің көшірмесін жасауда
Қытайлықтар не ойлап таппайды дейсіз ғой... Бұл жолы олар атақты Range Rover маркасына ұқсас кроссовер жасауда!
Gonow – 2003 жылдың 10 қыркүйегінде негізі қаланған Қытай көлік компаниясы. Өндірістік шаруалары джип пен пикап жасауға бағытталған.
Бұл компания әйгілі италиялық, неміс және жапон көлік өндірушілерімен ынтымақтастық орнатқан. Gonow көліктеріне лицензиялы жапониялық қозғалтқыштар мен беріліс қораптары қондырылады. Көліктердің сыртқы түрі қандай болатыны жайлы қытай өндірушілерімен бірлесіп шетел инженерлері де шешім қабылдайды.
Жаңа қытай көлігінің артқы жағы өзгешелеу болғанымен, жалпы сыртқы көрінісі белгілі Range Rover-ге ұқсас.
Бұл кроссовердің бағасы туралы нақты ақпарат әлі жоқ. Алайда, ғаламторда 16-19 мың доллар көлемінде болуы мүмкін деген мәлімет бар. Әзірге тек бұл көліктің Mitsubishi лицензиясымен жасалған 2,4 литр көлемді моторы және механикалық, автоматты коробкасы болатыны белгілі.
Дайындаған: Фариза Әбілова
Сурет: vk.com
Ф. Абилова