Қытайдың Baidu компаниясы жүргізушісіз басқарылатын ең алғашқы 100 автобустың жасалғанын хабарлады. Бұл жайында Techcrunch басылымы хабарлады. Сыйымдылығы 14 адамды құрайтын автобустар Қытайдың оңтүстігінде зауыттан шыққан. Көлік Apollo атты автопилотпен қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда Apollo-мен көлік нарығындағы әлемнің 116 компаниясы бірлесе жұмыс жасауда. Олардың ішінде Jaguar, Land Rover сияқты белгілі брендтер де бар. Дөңгелегі рөлсіз басқарылатын бұл автобустар Қытай мен Жапония аумағында сынақтан өтеді. Алғашқы автобустар 2019 жылы Жапония көшелерінде жолаушыларды тасымалдайды.