TEB-1 (Transit Elevated Bus) құрылымы арқылы автобустың астынан басқа жеңіл көліктер жүре алады. Жаңа автобус жол жиегіне орнатылған арнайы рельстер арқылы жүріп, биіктігі екі метр болатын көліктерді астынан өткізе алады. Осылайша автобус жолда кептелісте тұрмайды.
Сынақ үшін пайдаланыла бастаған автобустың ұзындығы 22 метр, ені 7,8 метр, биіктігі 4,8 метр. Бұл секцияға 300 жолаушы отыра алады.