- Негізгі бет
- Авто
- Көліктің құралдар панеліндегі...
Көліктің құралдар панеліндегі белгілерді жазбай тани аласыз ба?
Көлікті алғаш тізгендегенде, болмаса жаңа темір тұлпар сатып алғанда таңсық дүниелер көп болатыны рас. Әсіресе құралдар панеліндегі белгілер қызық болуы мүмкін. Себебі бірін білсеңіз, бірін білмейтініңіз рас.
Автокөлік айдау құжатын аларда жол ережелеріне көп мән береміз. Сол секілді құралдар панеліндегі белгілерге де мән берудің маңызы жоғары. Өйткені, ол - көліктің саған айтар арыз-шағым тақтасы да іспетті. Бірі хабардар етіп отырса, енді бірі ескертіп отырады. Осы арқылы өз көлігіңізбен тілдесесіз.
Жалпы автокөліктегі құралдар панелі үшке бөлінеді. Мұны түсіне қарап ажыратуға болады.
1. Жасыл белгілер - көліктің қызметтік функциялары жайлы хабардар етіп отырады.
2. Сары белгілер - кей ақаулар мен қауіп жайлы ескертеді, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету қажеттілігін еске салады.
3. Қызыл белгілер - әлбетте, бұл белгілер көлікте ақау барын немесе қандай да бір қажетті дүниенің (жанармай, ток көзі, т.б) таусылғанынан хабар береді.
Олай болса төмендегі суретте көрсетілген 64 белгінің қызметін айта кетейік. Бәрін біле жүргеннің еш зияны жоқ.
1. Генератор не аккумулятордағы заряд индикаторы. Төмендегенін не бұзылғаны жайлы хабар береді.
2. Фильтрдің ластанғанын хабарлайды
3. Жанармай үнемдеу режимі қосылғанын білдіреді
4. Алысқа түсетін жарық белгісі
5. Тұманға қарсы жарық қосылғанын білдіреді
6. Қосымша шамдар, егер белгі жыпылықтаса - ақау болғаны
7. Жақын түсетін жарық белгісі
8. Артқы тұманға қарсы жарық қосылғанын білдіреді
9. Жарықты автоматты түрде реттеудің бұзылуы
10. Жаңбыр мен жарықтан хабар береді
11. Электронды кілт табылмады деген белгі
12. Автокөлікте электронды кілт табылмады
13. "Кілт табылды, бірақ батареясын ауыстыру қажет" деген белгі
14. Ауа сүзгісінің ластануынан хабар береді
15. Сыртқы жарықтандыру іске қосылғанын білдіреді
16. Тежегіш-жарық (стоп-сигнал) істемей тұрғанын білдіреді
17. Көлік жарығының бірі дұрыс емес екенінен хабар береді
18. Тежеу жүйесінде ақау барын білдіреді
19. Беріліс қорабындағы (коробка передач) ақау
20. Дөңгелекте қысымның төмен болуы
21. Қауіпсіздік белдігі тағылмағанын ескертеді
22. Ақау барын білдіретін белгі
23. Қауіпсіздік жастықшасын өшіру
24. Қауіпсіздік жастықшасы жұмысындағы ақау белгісі
25. Тұраққа қоярда көмектесетін белгі
26. Жанармай жүйесін тазалауды ескертеді
27. Әйнек жуатын сұйықтықтың таусылғанын білдіреді
28. Есік жабылмай қалғанда жанады
29. Бекіткіш индикаторы
30. Жанармай таусылғанын хабарлайды (барлық жүргізуші 100% білетін белгі осы болса керек)
31. Жанармай сүзгісіндегі су белгісі
32. Дөңгелектегі тежеудің бұғатталуға қарсы жүйесі істен шыққанын білдіреді
33. Тежегіш тозып таусылғанынан хабар береді
34. Бейімделген круиз-бақылау (көлік жүргізушісіз жоғары не төмен жылдамдықта қозғалады) белгісі қосылғанын білдіреді
35. Круиз-бақылау жүйесінде ақау барын ескертеді
36. Рөл қуатынан ақаудың шығу белгісі
37. Тұтқырсым (ручной тормоз) қосылғанын білдіреді
38. Автоматты беріліс қорабының құлпын ашу үшін тежегішті басу қажеттілігі туралы хабарлайды
39. Ілгек педалін (сцепления) басуды білдіреді
40. Қыздырғыш (свеча накаливание) қосылғанын білдіреді
41. Қозғалыс жолы ауысуы
42. Каталитикалық элементтің қызу белгісі
43. Салқындату жүйесіндегі ақауды білдіреді
44. Ақпараттық хабарлама немесе қызмет көрсету қажеттілігі белгісі
45. Оңға немесе солға бұрылу, болмаса апаттық хабарландыру белгісі
46. Жоғарғы терезе жабылмағанын білдіреді
47. Капот ашық тұрғанын ескертеді
48. Төмен түсуге көмек жүйесі
49. Алдағы автокөлікпен арадағы жақындық азайғанын ескертеді
50. Артқы спойлердегі ақау белгісі
51. Сыртқы температура
52. Қар жауғанда қосатын режим белгісі
53. Аспалы амортизатордағы ақаудан хабар береді
54. Пневматикалық аспа ескертуі
55. Қозғалтқыш электроникасындағы ақау
56. Рөлдің құлыптануы белгісі
57. Артқы әйнекті жылыту
58. Жаңбыр құрылғысы
59. Қозғалтқыштың істен шығуы
60. Жел әйнекті автоматты түрде тазалау
61. Тұрақтандыру жүйесі өшірілген
62. Жел әйнекті жылыту
63. Майдың төмендеуі
64. Жүксалғыш есігі ашық қалғанын білдіреді
Н. Үсенова