Көлік дөңгелегі ашық люкке түскен жағдайда...

Көлік дөңгелегі ашық люкке түскен жағдайда...
Фото: today.kz

Кез келген елде, кез келген қалада канализация люктері бар. Негізінен олар жабық әрі берік болуы міндетті. Дегенмен бұл заңдылық барлық жерде бірдей сақтала бермейді. Әсіресе көлік жүргізушілері үшін бұл өте қауіпті жағдай. Соңы көлік апатына немесе көліктің бұзылуына апарып соғуы мүмкін. Ал бұл жағдайда жол жөндеушілерге сілтей салуға да болмайды. 

Кім жауап береді және кімнен өтемақы талап ету керек? 

Қазақстан Республикасы «Жол жүру ережесінің» 17-бабы, 1-2 тармағы бойынша жергілікті жердегі көлік қатынасы мен қауіпсіздігіне сол аймақтағы әкімшілік жауап береді. Канализация люктерінің ашық қалуы, жауапты қызметтің дұрыс атқарылмауы туралы да жергілікті әкімшілік жауап бере отырып, өз мойнына алады. Ал жауап алу үшін әкімшіліктен люктің қандай себеппен ашық қалғанын сұрау керек. 


Ашық қалған люкке көлік дөңгелегі кіріп кетсе, қандай шара қолдану керек? 

1. Ең алдымен өз қауіпсіздігіңізді ойлаңыз. Егер көлік жүрмей қалса, апатты жағдайдағы белгіні жағып қойыңыз. Қала ішінде болса 15 м қашықтықта белгі, ал қала сыртында болса 30 м жерден апатты жағдайдағы тақтайшаны қоюды ұмыпаңыз. 

2. Полицейлерге жүгініңіз. Олардың келуі заңды түрде жүзеге асады және ешкім жапа шекпейді. Сізге көрсеткен құжаттар бойынша жұмыстаныңыз. Құжаттарды толтыру кезінде жағдайдың қалай болғанын ашық әрі анық жеткізіп жазыңыз. Сонымен қатар акт толтырған кезде көліктің нақты қай бөлігі жарамсыз болып қалғанын да көрсетіңіз. 

3. Ашық қалған люкті және көліктің жағдайын суретке түсіріп алыңыз. Бұл сот кезінде өте қажет болады. Ескертеміз, суретке міндетті түрде түсіріп алыңыз. 

4. 3-4 куәгер тапқаныңыз жақсы. Жағдайдың қалай болғанын айғақтайтын адамның зор көмегі тиеді. Куәгер ретінде апат болған жердегі адамдар немесе көлік ішіндегі жолаушыларды алыңыз. 

5. Апат болған жердің мекенжайын жазып алыңыз. Көшені, қиылысты, ауданды не аймақты нақты есте сақтаңыз. Одан бөлек ашық қалған люктің орналасқан жеріндегі ғимаратты не белгілі бір орталық атауын жаттап алғаныңыз да жөн. 

6. Жергілікті әкімшілікке хабарласыңыз. Жағдайды айта отырып, люктің ашық қалу мәселесін көтеріңіз және олар сізге міндетті түрде жауап береді. 

7. Ескерулерді орындап болған соң, жауапты адам табылған кезде өтемақы төлейтін компанияға барыңыз. Ол жерден көлікті жөндеу және жаңа құрылғы сатып алуға кететін шығынды өтеп ала аласыз. Барлық әрекетті ресми түрде қағазға түсіріп, қолхат алуды ұмытпаңыз. Бұл міндетті түрде керек құжат. 

8. Шығынның өтемақы құны шыққан соң, барлық құжаттарды реттеп, жергілікті әкімшілікке жіберіңіз. Оның ішінде люктің ашық қалғаны үшін жауап беретін мекемеге жолдаңыз. 
Егер сіз барған компания төлеміңізді жасамаса, кінәні мойындарына алмай бас тартса, сотқа беріңіз. Ал сотқа бару үшін мына тармақтарды білу керек:  
– шығын төлемінің көшірмесі; 
– оқиға болған жердің суреттері; 
– әкімшілікке шағымданған хат пен олардың берген жауабының көшірмесі; 
– әкімшіліктің шығынды өтеу туралы шақыру хатының көшірмесі; 
– басқармаға түсірген шағым хатының көшірмесі; 

9. Жауапты құзырлы орыннан алған құжаттардың түпнұсқасын алып сотқа жіберіңіз. Олар бекіту керек. 

10. 5 күн ішінде сот сізге жағдайдың қалай болатыны туралы хабар береді. Бұл тіпті екі айға да созылуы мүмкін. Егер 700 АК көлемінде болса ( 1 588 300 теңге) ҚР заңнамасына сәйкес бұл жағдай бір ай ішінде шешімін табу керек. 

Сақтандыру компаниясының көмегі тие ме? 

Біз айтып отырған жағдайда сіздің көлікті сақтандырып отырған компанияның көмектесуі мүмкіндігі 20% ғана. Себебі олармен келісімге отырған кезде сізге олар екінші не үшінші тараптан болатын қысым, апатты жағдайда төлем жасайды. Ал бұл жағдай олардың міндетіне кірмеуі мүмкін. Дегенмен кейбір компаниялардың өзіне тән ұсынатын жұмыс түрлеріне қарай ашық қалған люктерге байланысты шығынды өтеу мөлшері бар. 

Жолда жүргенде сақ болыңыз!

М. Ақан