Ли Якокка

Ли Якокка

Өмір жолы

  Якокка Энтони 1924 жылдың 15 қазанында АҚШ-тағы итальяндық иммигранттар Никола және Антуанетта Якоккалар отбасында дүниеге келді. Әкесі Никола Якокка көп жұмыс iстеген. Оның  меншігінде асхана, бiрнеше кинотеатр, автокөлiктердi жалға беру фирмасы болды. Жылжымайтын мүлiгi бар операцияларды да жетік меңгеріп, байыды. Барлық кәсiпорындарын бар болғаны 4 сыныптық бiлiмімен басқарған. Якокканың әкесі 1930 жылғы экономикалық  дағдарыс кезінде көптеген жылдар  бойы ауыр еңбекпен жинаған байлығын жоғалтып алады. Ауыр жұмыс  атқарғанымен,ол балалардың тәрбиесiне әрдайым уақыт тауып отыратын. Осындай қиын кезеңдерде Никола баласына «шың басында болу» және «құлау» жайлы әңгімелер айтып, өмірдегі барлық қиыншылықтарды табандылықпен көтеру керектігін үйретіп отырды.

Табыс негізі – дұрыс тәрбие!

Алғашқы табысын Ли 10 жасында тапқан. Ол мектептен кейiн дүкендердегі сатып алушылардың дорбаларын арбасымен үйлеріне дейін апарып ақша табатын. 16 жасында жемiс сататын дүңгiршекте күніне 16 сағат жұмыс істеген. Якокка мектепте жақсы оқыды. Мұғалiм оның жiгерлігін бірден байқайды. Кейбiр мұғалiмдер және оның сыныбындағы оқушылар Якокканы жек көрді. Себебі ол италияндық жанұядан шыққан. Якокканың екi еврей досы бар еді. Сол балалар да көпке ұнамсыз болатын. Якокка өзгелердің оның жора-жолдастарына көрсеткен қысымын өмір бойы есінде сақтайды. Сонда мектепте оқып жүріп Ли адамдарды жасаған жақсылығы және адамгершілігі үшін бағалау керектігін түсінеді. АҚШ Жапония мен Германияға соғыс ашқан кезде Якокка әскерге бiрiншi жазылғысы келетінін жариялады, бiрақ әскери-комиссия дәрiгері оның әскери қызметке жарамсыз екенін анықтайды. Жас жігіт өз жолдастарымен Отанын бiрге қорғай алмағанына қатты өкінеді. Сонда ол Бетлехемедегі Пенсильвания штатына тиісті Лихайск университетіндегі инженерлiк факультетке түсуге бел байлайды. Мектептегідей Якокка университетте ықылас қойып оқуын жалғастырады, бірақ гидравлика және термодинамика сынды пәндерді меңгеру қиынға соғатын. Оқуды студентте+рдің жартысы ғана тәмәмдаған. Оқу оқып жүргенде Якокка Форд компаниясында қызмет атқарғысы келген. Бала кезінен Лидің автокөліктерге деген ынтасы ерекше болатын. Себебі әкесінің компаниясында Форд автокөліктерінің бірнеше данасы болған. Ли Якокка әкесімен бірге сол машиналарды жөндеуге қызықты. Бірақ Форд компаниясында қызмет атқару үшін студенттерге қойылатын талаптар өте күрделі болған. Компанияның өкілі 50 университетті аралап әр оқу орнынан тек қабілеті мол бір студентті жұмысқа шақыратын. 50 бақытты адамдардың арасынан Ли Якокка да көрінді.

Бірінші сатылымдар

 1946 жылы Ли университетін тәмәмдап Форд компаниясында инженер-стажер  қызметін атқарды. Бірақ ол конструктор болып қызмет атқарғысы келмеді. Оның түсінгені: әр істің жүзеге асуы - біріншіден адамдарға, екіншіден - станок, сызу мен қаржыға байланысты. Якокка маркетингте сату бөлімдерінде еңбек еткісі  келді. Оны оқыту мен қайта даярлауға компанияның қаражаты кеткенімен, Лиге Форд  компаниясының сату бөлімінде еңбек етуге рұқсат береді. Нью-Йорк қаласындағы Фордтың сату бөліміне Якокканы жұмысқа алмайды. Бірақ жеңіліс  дегенді білмейтін Якокка Честер қаласындағы сату бөліміне жұмыс іздеп барады. Басқарушы барлық болатын тәуекелді түсініп жас әрі қабілетті Ли Якокканы жұмысқа алады. Ол автокөліктерді жалға беретін компаниялармен жұмыс әстейді. Оның қызметі - сатып алушы агенттермен келіссөздер жүргізу. Якоккаға бұл іс оңай берілмеді. Ол өте ұялшақ еді. Клиентке телефон соғу немесе онымен кездесу керек болатын кезде Ли ұялып сөйлесулер кезінде сенімсіздікпен көзге түсетін. Бiрақ Якокканың ойынша кәсiпкерлiкте жетiстiкке қол жеткiзу үшiн сауданы жетік меңгеру керек болатын. Сауда өнерiн меңгеру үшiн уақыт және күш керек. Бұл өнерде қайта-қайта жаттығу керек екендігін Ли жақсы түсінеді. Кейбiреулер «жақсы саудагер болып туылу қажет» - деп пайымдайды. Дегенмен Якокка осындай табиғи дарынға ие болмады. Ол сату менеджері қызметін адал еңбектеніп, көптеген жаттығулар өткізу арқасында меңгерді.

Бiрiншi жетiстiк

 1953 жылы Лиді Филадельфия округіне тиісті сауда-кеңсе меңгерушінің көмекшісі ретінде тағайындайды. Якокка жаңа қызметiнде аямай тер төккен. Қалаларды аралап клиенттермен кездесіп делдалдарды үйрету семинарларын өткiзген. Ол киiмi бар кәдiмгi шабаданның орнына слайдтарға толы проекциялық аппаратты плакаттарды «Сатушыларды таңдап алу және үйрету» атты  кітабын, схемаларды өзiмен бiрге тасып жүрген.

1956 жылы экономикадағы басылу және төлем қабілетiнiң төмендеуі Форд автокөліктерінің сатылуларына әсерін тигізді. Якокка басшылық еткен округ автокөліктерді сату бойынша соңғы орында болған. Бір шара ойластыру керек болатын. Якокканың басында жаңа идея туады. Егер клиентке машинаны сатып алуға көмекке келсек қалай болады? Оған автокөлiктiң құнынан бiрден 20% төлеуге мүмкiндiк берiп, үш жыл iшiнде айына 56 доллар алып тұру керек деген шешімге келген. Бұл шешім сатылған автокөліктердің санын әлденеше есеге өсірген. Форд компаниясының Вице-Президенті Роберто Макнамара фирманың маркетингтік стратегиясы ретінде бұл идеяны ұстанған болатын. Міне жетістік! 10 жылдан кейiн Якоккаға даңқ, атақ келеді. Якоккаға жаңа қызметтi басқару ұсынысы келеді ол астаналық сату бөлімінің бастығы болып жұмыс атқарады.

Жаңа идея - қиын ахуалдан шығудың тиiмдi жолы

1956 жылы Якокка Мэри Макклиринге үйленедi. Мэри өз күйеуiн жақсы көрдi, оған адал болды. Ол Якокканың қамын ойлап, оның барлық ісін қолдады. Якокканың ризашылығы мол болды. Ол мұндай үлкен жетiстiктерге қол жеткiзгені тек жарының қолдауы арқасында деп түсінеді. Якокка жанұяға керемет үлкен мән берген әрбiр жұмалық кешті сенбi және жексенбiні жанұясына арнайтын. Якокка 1960 жылы бас бөлiмше бастығы Форд фирмасының вице-Президентi қызметіне тағайындалады. Сонымен Якокка 36 жасында «Форд мотор компани» компаниясының меңгерушісі болады. Ол iс жүзiнде ешкiмге белгiлісіз болған. Қызметкерлердiң бiр жартысы оның фамилиясын дұрыс айта алмады, екінші жартысы оның кім екенін білмеді. Кейбір менеджерлер оның оларды озып шыққанын көре алмайтын. Лиге Форд компаниясын басқара алатынын дәлелдеу керек еді. Барлық жұмысшылар Якоккадан бір таңғажайып іс күтіп жүрді.

Ол нарыққа талдау жасай отырып, «Бүгiнгi автомобиль шығару концепциясы жұмыс iстемейді» - деген қорытындыға келеді. Егер компанияда ертеректе жаңа машинаны iстеп, содан соң сатып алушыларды табу мақсатында базарға шықса, қазiр тұтынушыға арналған автокөлiкті жасау керектігін түсінеді. Нарықты мұқият зерттеп, сатып алушылардың қажеттiліктерiн және қалауларын ескере отырып, Якокка жастарға арналған қымбат емес спорттық автомобиль жасау керектігін түсiнедi.
Якокка және оның командасы 1964 жылы нарықта аңызға айналған автокөлiкті шығарады, оның аты - Мустанг. Мустангтың нарыққа шығуына байланысты оған сұранысты қанағаттандыру үшiн Форд үш зауытты қайта жабдықтаудан өткізген. Тек қана бiр жыл ішінде 418 мың автокөлiк сатылған. Мустангтың сатылуы арқасында екi жыл ішінде таза пайда 1,1 миллиард  долларды құраған! Бұл Якокканың кезектi жетiстiгі болды. «Мустанг – автоәуесқойларда, американдық классикалық үлгi ретінде бүгінгі күнде де танылып отыр.


1970 жылдың 10 желтоқсанында Мустангтың жетістігінен кейін Ли Якокка Форд компаниясының президенті болып тағайындалады. Бұл қызметті атқара отырып, Якокка Форд компаниясын бұрын болмаған жетістікке әкеледі. Компания үлкен қаржылай табысқа кенелді. Оның басқаруында көліктер үлкен сұранысқа ие болып, сапасы үлкен дәрежеге өскен. Ол Форд компаниясын Американың бетке ұстар компаниялар қатарына қосқан. Осындай жетістікке қол жеткізу тек көсбасшының ғана қолынан келетін. Ли Якокка осындай көсбасшы болған.

Деспоттың қылығы

Якокка автомобиль шығару шаруашылығындағы бастаушы фигуралардың бiрі болды. Оның фотосуретi белгiлi iскер журналдардың беттерінен көрiнiп қалады. Оның беделi қызметкерлердiң арасында және штаттардың сыртында қашық тұрған Еуропа, Азия компанияларының делдалдарына дейін өсті. Осындай биік мәртебе Фордтағы Якокканың беделін өлтiредi: II-Генри Форд бұйрығымен (Форд компаниясының негізін қалаушының немересі) Ли Якокка Форд компаниясынан шығарылған болатын. Компания мұрагері, Форд, автомобильдiк iстің маманы болған жоқ. Оның көптеген шешiмдерi қыңырлық пен бап сияқты сипатта болатын. Оның дербес жобаларына компанияның үлкен ақшалай табыстары босқа жойылды. Генри Форд асқақ өзiмшiл адам болатын. Форд компаниясы толықтай оның бақылауында болды. Кез келген уақытта оның атына мәртебесіне кір келтіретін адамды ойланбастан жұмыстан шығаратын. Ли Якокканы өзінен керемет басқарушы ретінде танығысы келмей жұмыстан қуып жіберген.

Оттан отқа

 Якокка 1978 жылдың 2 қарашасынан бастап Крайслер корпорациясының басшысы болып еңбек етеді. Кейін ол: «Осындай қиыншылықтар болатынын болжай алғанда, осы жұмысқа ешқашан кіріспес едім»,- деді. «Мені Крайслер корпорациясында не күткені жайлы сәл болса да хабардар болсам, әлемдегі ешқандай ақшаға көнбес едім», - деді Ли. Компанияда толық анархия орнады. Крайслерде бiр-бiрінен тәуелсiз жұмыс iстеген 35 вице-Президент болған. Өндiрiс бөлiмі және сатылулар өзара байланыспағандықтан, автокөлiктердiң артық өндiрілуі орын алған. Компанияда қаржы бақылауының бүтiн жүйесi болмады, заттық жабдықтау бөлiмінде толық хаос орнады. Қызметкерлер өндiрiстiң бiр бөлiмшесiнен екіншісіне ауыстырылып, соның салдарынан көп қызметкерлер жаңа жұмыстарында ештеңе түсiнбеген. Компанияда дүмшелiк орнады. Адамдар қорқытылып, басшылықтан қысым көрсетілген. Бұл жерде бiртұтас команда болмады - жеке ойыншылардың басқарылмайтын тобы болды. Әрекетсiздiк, сенiмсiздiк, жұмыстан шығарылу, қорқыныш атмосферасы орнады. Компания мұндай ахуалдардың салдарынан елеуішке ұқсап кеткен, әр түрлi құпия мәлiметтер сыртқа кетіп қалып отырды. Крайслердiң жоғарыда көрсетiлген себеп-салдарынан сапасыз автокөлiктер шығарылған. Компания банкротқа ұшыра жаздады: жыл сайынғы шығындар 1 миллиард долларды құраған!

Қиратылыстан  құруға бір қадам

 Крайслер маркалы автокөлiктер iш пыстыратын тәкаппар болып қабылданды. Шығарылатын машиналардың сапасын жақсарту, жаңа үлгiлер құру, артық өндiруді құрту шараларын жедел қабылдау керек болатын. Барлық бөлiмшелердiң жұмысын оңайлатып, компанияның барлық қызметкерлерінің: жұмысшыдан бастап жоғары буындағы басшыға дейінгі мамандардың абсолюттi қолдауы қажет болды. Ол үшiн дарынды, нығайтылған және адал команданы құру керек болатын. Якокка мұндай команданы құрайды. Ол өзімен бірге Фордта жұмыс істеген мамандарды тартып, «Фольксваген» «Дженерал моторз» компанияларының жұмысшыларын өзінің тобына шақырған. Олар Якоккамен бірге жұмыс істеген, жаңа идеяларға толы мамандар еді.

­Өркендеудің шарты - жаңа өнім

 Жаңа өнім, автокөліктің жаңа үлгісі, жарық көрген болатын. Ол Мустанг секілді сатып алушылардың жүректерін жаулап алған («К» үлгісі). Келесi үлгi болып нарыққа бiрiншi мини-фургон «Т-115» шығарылған. Бұл үлгiлердiң сатылымдары Крайслерлерге үлкен ақшалай пайда әкелген. Компания ақырында терең дағдарыстан шығып, автомобиль шығару бойынша әлемдегi сенiмдi үшiншi орынға ие болған.

Суреттер http://todase.kz сайтынан