Уильям Шетнер (William Shatner) "Жұлдызды жолы" (түпнұсқасы: "Star Trek", орысшасы: "Звёздный путь") сериалында капитан Джеймс Тиберия Кирктің рөлін сомдап танымал болған еді. Ол қазіргі таңда әртістік қабылетімен емес, өзге қырынан табылып жүр. Кино әлемінен алыстаған соң, мотоцикл құрастыруды машығына айналдырыпты. Ол өзінің соңғы жаңа өңдеуіне Rivet деп атау беріпті.
Үш дөңгелекті мотоцикл алюминийден жасалған және оның сыртқы түрі B-17 бомбалаушысына ұқсайды. Бұл мотоцикл шектеулі данамен шығарылатын болады. Ал мотоциклдің шығарылуы American Wrench атты мотоцикл жасап шығаратын компанияға жүктелген.
Мотоцикл тек сыртқы түрімен ғана ерекшеленбейді. Оған қоса, мотоциклді турбо әсерлі V8 қозғалтқышымен жабдықталған. Ал оның қуаты бес жүз аттың күшіне тең. Rivet-ті құрастыруға көмектескен Кевин Сиротик American Wrench компаниясының қызметкері Кевин Сиротиктің айтуы бойынша, бұл мотоциклдің құрылысы Cadillac CTS-V көлігіне ұқсас болуы мүмкін. Мотоциклдің қанша таралыммен, қандай бағамен шығарылатыны әзірге белгісіз.
Сурет: 24gadget.ru