Қазақстандағы ең қымбат автокөліктердің тізімі жарияланды

Қазақстандағы ең қымбат автокөліктердің тізімі жарияланды
Фото: commons.wikimedia.org

Қазақстанда 2989 қымбат автокөлік тіркелген. Бұл туралы "Курсив" газеті Қазақстанның ІІМ әкімшілік полиция комитетінің мәліметіне сілтеме жасай отырып хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Қазақстанда 2555 Porsche көлігі бар болып шықты. Көш бастап тұрған Cayenne және Macan маркалары. Екінші орында Bentley көлігі тұр - 261. Үшінші орынды Maybach алып отыр - 78.

Елімізде бұлардан басқа 48 Rolls-Royce, 20 Ferrari, 15 Aston Martin, 11 Lamborghini және бір Bugatti бар.

Басылымның мәліметінше, Қазақстандағы жалғыз Bugatti - әлемдегі ең қымбат саналатын Bugatti Veyron 16.4 Grand Sport Vitesse суперкары. Бұл автомобильдің ең жоғары жылдамдығы - сағатына 410 шақырым, сағатына 100 шақырым жылдамдыққа 2,6 секундта жетеді.

Н. Нұрмаханұлы